Бердібек Сапарбаев жаңа қызметтегі 100 күні және көпбалалы аналарға көмек жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаев жаңа қызметтегі 100 күні және көпбалалы аналарға көмек жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр халықтың әлеуметтік желілерде қойылған сұрақтарына жауап берді. Таяуда тағайындалғанына 100 күн толатын Бердібек Сапарбаев қызметтегі жаңалықтарын бөлісті және бір күндік өмірін сипаттап берді. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек, Е-халық жаңа жүйесі мен бүкіл қазақстандыққа арналған жеке әлеуметтік картаны жасау жұмысының аяқталу мерзімін айтты.

Сондай-ақ, министр атаулы әлеуметтік көмек беретіндердің үйге келіп, тоңазытқышты келіп тексеруі дұрыс емес екенін шегелеп айтты.

Бұдан бөлек, масылдық пен жалқаулықты жою, жұмыспен қамту мәселесі сөз болды. Министрдің айтуынша, басқа адамдарды жұмыспен қамтып отырған ерлер мен жалғызбасты аналарды көбірек насихаттау керек. Сонымен қатар, әлеуметтік портал, көші-қон, пәтер алу мәселесі талқыланды. Сұхбат соңында Бердібек Сапарбаев өзін қолдаған ақтөбеліктерге алғысын айтты.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев, актриса Дариға Бадықова, жас әнші Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері және тағы басқалар қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети