Бердібек Сапарбаев қауесеттерге жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Мамырдың аяғында Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының қабылдауында болды. Бұл Сапарбаев мемлекеттік қызметке оралуы мүмкін деген қауесеттердің көбеюіне себеп болды. Сапарбаев бұл сұрақтарға Liter басылымының журналистеріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мамырдың аяғында Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының қабылдауында болды. Бұл Сапарбаев мемлекеттік қызметке оралуы мүмкін деген қауесеттердің көбеюіне себеп болды. Сапарбаев бұл сұрақтарға Liter басылымының журналистеріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты.

"Қазір әңгіме көп. Бірақ мен Мемлекет басшысымен қандай да бір лауазым туралы талқылаған жоқпын. Мен өз ойымды бөлістім. Мемлекеттік қызметте, басқаруда тәжірибем бар екенін білесіздер", - деп жауап берді бұрынғы әкім.

Бердібек Сапарбаев мемлекеттік қызметке оралатыны жайлы қауесеттерге де пікір білдірді.

"Ешқандай ұсыныс жоқ. Мен қазір үйде бала-шағаммен біргемін. Егер Отаныма, халқыма менің тәжірибем, білімім керек болса, әрине, Отан үшін, халық үшін мемлекеттік қызметке дайынмын. Ешқандай облысқа барайын деп жатқан жоқпын", - деді ол.

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен қоштасу сәтінде жылап жіберді

Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro