Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Бердібек Сапарбаев. gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды. Әкімдік мәліметінше, вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды. Әкімдік мәліметінше, вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы вакцина тиімді тестілеумен және қолданыстағы алдын алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құралға айналатынын атап өтті.

"Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеп жатыр. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ өзіміздің қазақстандық вакцинаны да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі сәтті өтті, жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсерлер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүріп жатыр. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін", - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімімен бірге Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина салынды.

19 желтоқсанда Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі басталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети