Бердібек Сапарбаевтың орынбасары қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Pavon.kz Фото Pavon.kz

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті өңір әкімдігінің өкілдері растады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті өңір әкімдігінің өкілдері растады.

Баспасөз қызметі өкілдері оның үдемелі тыныс алу жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол 58 жаста еді. Бұл қызметке шенеунік 2020 жылдың мамырында келген болатын. 

Ұлан Жазылбек - 1962 жылы туған, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және 2009 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін "заңгер"мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған. 1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АҚ департаментінің директоры, "Қорғас - сервис" ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары, 2014 - 2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің директоры лауазымдарында болған.

2017 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың мамырына дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro