Берденов ісін қараған судья тілін шығарған: комиссия не шешті?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берденов ісін қараған судья тілін шығарған: комиссия не шешті?

Шымкентте судьялық әдеп жөніндегі комиссия қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша процесте төрағалық еткен судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент сотының баспасөз қызметі мәліметінше, тексеру материалдары республиканың Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына жолданады.

"Судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын Қазақстан Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына мәні бойынша қарау үшін жолдау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағымдануға құқылы", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Руслан Берденовтың ісі бойынша сот процесі барысында төрағалық етуші судья Қарабаев журналистке тілін көрсеткен, ол сәтті журналист видеоға түсіріп алған. Видео желіде тарап, қызу тақыға түскен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети