Берденовке жасалған қастандық: полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берденовке жасалған қастандық: полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған қару Астанада есептен шығарылған болып шықты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұл жағдайды немқұрайлықтың салдары деп атап, қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер қару Астанада есептен шығарылғанымен, Шымкенттен табылғанын жеткізді. Сәденов мұны жанама түрде растады және мұндайға полицейлердің салғырттығы себеп болғанын атап өтті.

"Иә, өкінішке қарай, мұндай жайттар болды. Біреу сатып жіберді деген емес, (полиция қызметкерлерінің – еск.) немқұрайлы қарауы себеп болды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу барысында осының бәрін анықтап, барлық сұраққа жауап береміз: кінә кімде, кім сатқан", – деді министр.

Берденовке жасалған шабуыл

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктіге қатысты 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарылды. Сот сотталушыдан жәбірленушіге 30 АЕК (2025 жылы 117 960 теңге) өндіруге міндеттеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети