Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сотталушының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Сот отырысында айыпталушы Ернар Жиембай Берденов әкімді "тапсырыс беруші" ретінде көрсетуді сұрағынын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Істің мән-жайы
2025 жылғы тамызда Берденовті өлтіруге оқталды деп айыпталған Ернар Жиембай сотта жәбірленуші жоғары лауазымды шенеунікті кінәлауды талап еткенін айтты. Кейінірек БАҚ-та сөз болып отырған адамның Шымкенттің қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбеков екені айтылды.
Әкімнің жауабы
Астанада өткен брифингте журналистер Сыздықбековтен осы айыптауларға қатысты пікірін сұрады.
"Әр адам өзінің ойына құқылы. Менің қатысым бар деген нәрсені, іштен шығарған өздерінің мәселесі болар... Оған қалай қатысым болады? Әрине, адам өзін қорғау үшін не істемейді, не демейді? Сот шешімі шығып, мәселе аяқталды. Сол себепті оны қайта-қайта көтерудің керегі жоқ шығар", - деді әкім.
Әкімнің айтуынша, Берденов қызметінен өз еркімен кеткен.
Еске салайық, 2025 жылы 20 тамызда Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот сотталушыны жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (117 960 теңге) төлеуге міндеттеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!