“Берденовке үш рет оқ атылған“ - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Берденовке үш рет оқ атылған“ - депутат Руслан Берденов. Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров өзінің партияласы – Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров өзінің партияласы – Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Ходжаназаровтан партияласының жағдайы туралы сұрады.

"Бәрі жақсы, дегенмен әлі бәрі жақсы деп айтуға келмейді, себебі ол ауыр жарақат алған. Оған үш рет оқ атылған. Мұндай шабуылдан, мұндай атыстан аман қалу өте қиын. Оңалту біраз уақытты алады. Біз, өз басым да, қатты уайымдадық", – деді Айдарбек Ходжаназаров.

Ходжаназаров оқиға бойынша айтылып жатқан нұсқалардың ешқайсына сенбейтінін айтты.

"Менің ойымша, бұл жерде саяси астар жоқ. Бұл – жеке мәселе. Ешқандай нұсқаға сенбеймін. Бұл қарапайым тұрмыстық қылмыс деп ойлаймын. Ол (Берденов – еск.) әзірге жауап бере алмайды", – деп қосты депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, Руслан Берденов есін жиғаннан кейін бірден жұмысқа баруға ниет білдірген.

"Ол наркоздан шыға алмай жатып, айтқан алғашқы сөздері: "Маған тұру керек, жұмысқа бару керек" болды. Ол өзінің ауруханада жатқанын түсінбей жатты", – деп бөлісті Ходжаназаров.

Еске салайық: Руслан Берденов ақпанда Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Respublica партиясынан Мәжілістің депутаты болған.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейінірек Руслан Берденов есін жиғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети