Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Бердімұхамедовке Астанадағы EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.
"Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы аяқталып, оның қорытындысы бойынша ұйым қатарына екі жаңа мемлекет - Үндістан мен Пәкістан қабылданды. Бүгінде ШЫҰ дегеніміз - бұл 4 ядролық держава, адамзаттың тең жартысы және әлем экономикасының 30 пайызға жуығы", - деді Мемлекет басшысы.
Түрікменстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылық білдіріп, EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі зор екенін атап өтті.
"Осындай іс-шараға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. "Болашақтың энергиясы" тақырыбы өте қызықты және көрме аясындағы көптеген мәселелер елдеріміз үшін маңызды. Солардың қатарында экология мәселесі де бар", - деді Түрікменстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Г.Бердімұхамедов Түрікменстан Президентінің биылғы сәуір айында Қазақстанға келген сапарынан кейін екіжақты қатынастарды дамытудың оң қарқыны байқалып отырғанын атап өті.
Кездесу соңында Г.Бердімұхамедов Қазақстан Президентін биылғы қыркүйек айында Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарын тамашалауға шақырды.