09 желтоқсан 2014 | 16:13

Березовка ауылының 951 тұрғыны көшу туралы өтінішке қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Березовка ауылының жасөспірімі әлсіз күйде. ©Санат Ұрналиев Березовка ауылының жасөспірімі әлсіз күйде. ©Санат Ұрналиев

Балалар жаппай уланып қалған Березовка ауылы тұрғындарының көпшілігі Қазақстан Президенті мен Премьер-министрдің атына өздерін қауіпсіз жерге көшіру туралы өтінішті қолдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қоғамдық ұйымның өкілі әрі Crude Accountability кеңесшісі Сергей Соляник айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Балалар жаппай уланып қалған Березовка ауылы тұрғындарының көпшілігі Қазақстан Президенті мен Премьер-министрдің атына өздерін қауіпсіз жерге көшіру туралы өтінішті қолдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қоғамдық ұйымның өкілі әрі Crude Accountability кеңесшісі Сергей Соляник айтты.

Қоғамдық ұйымның өкілі Березовка ауылына барды, тұрғындарымен жеке әңгімелесіп, балалардың жаппай улануы жайлы жағдайдың анық-қанығын білді. "Болған оқиға - тұрғындардың шыдамын тауысты. Олар Қарашағанақ кен орнына жақын тұратын болғандықтан көшу туралы мәселені шешуді сұрап келе жатқанына он жыл болды. (...) Осы өтінішке ауылдың 951 адамы қол қойды. Ал ауылда 1580 адам тұрады. Яғни, жартысынан көбі көшіруді сұрап отыр. Таяу күндері біз осы өтінішті жібереміз", - деп мәлімдеді Соляник.

Ол ауыл тұрғындарының нақты қайда көшкісі келетіні жайлы білмейтінін айтты. Соляниктің айтуынша, үкімет бұл жағдайда жаңа ауыл соғып, тұрғындарды заң жүзінде сол жаққа қоныстандыра алады, әрқайсысына жекелей өтемақы береді. "Себебі бұл көшіруге мәжбүрліктен шығып отыр. Кәсіпорынға адамдар барған жоқ қой", - деді ол.

"Зеленое спасение" экологиялық қоғамының төрағасы Сергей Куратовтың пікірінше, кәсіпорынды ауылдан бөліп тұрған санитарлық-сақтау аймағы 5,5 шақырымнан айтарлықтай көп болуы тиіс. "Газ 5500 метрге дейін барып тоқтап қалмайды ғой. Неге батыл шешім қабылдап, кішкентай ауылды тұрғындарына қауіп келмейтіндей 10-20 шақырымға көшірмеске? (...) Белгіленген санитарлық-сақтау аймағы кен орнынан шығарылатын зияннан адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.Оның үстіне 2011 жылдан бастап тұрғындар ауылдың іші мен маңында болып тұратын жердің түсіп кетуінен қорқатын болды", - деп мәлімдеді эколог.

 

Еске сала кетейік, Березовка елді мекенінде балалар бірінен соң бірі жаппай талып қалған болатын. Олардың бәрінен бірдей ауру белгілері анықталды: бастың айналуы, құрысу, құсу. Дәрігерлер адамдар баллоннан шашылған газдан улануы мүмкін деген тағы бір диагнозды қарастырды. Жергілікті тұрғындар мұның себебін өңірдегі экологиялық жағдайдан көреді, себебі Березовка ауылы Қарашығанақ кен орнында орналасқан.

Бұдан кейін облыс поркуроры Қарашығанақ кен орнында балалардың жаппай улануы алдында ауаға күкіртті сутектің бірнеше рет атылғаны тіркелгенін растады. Ал "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" компаниясының өкілдері экологиялық мониторингің жылжымалы станциясы Березовкада зиянды заттардың ресми түрде рұқсат етілген шектен асып кеткенін анықтамағанын мәлімдеді. Ал Березовка ауылының жаппай уланған балалары шипажайға жіберілетін болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети