Березовкадағы балалардың жаппай улануына мұнайшыларды айыптауға ерте - Қарабалин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Березовкадағы балалардың жаппай улануына мұнайшыларды айыптауға ерте - Қарабалин Ұзақбай Қарабалин. Фото ortcom.kz сайтынан

Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин Березовкадағы балалардың жаппай улануына мұнайшыларды кінәлауға ерте деп есептейді. Ол бүгін Астанада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өткен аптада жаппай талып қалып ауруханаға жеткізілген оқушыларға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин Березовкадағы балалардың жаппай улануына мұнайшыларды кінәлауға ерте деп есептейді. Ол бүгін Астанада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өткен аптада жаппай талып қалып ауруханаға жеткізілген оқушыларға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазіргі таңда ол жердің ауасынан, топырағынан және тағы да басқа да заттардан сынама алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сөйтіп оларға ненің ықпал еткенін анықтауымыз керек. Әдеттегідей, ең жеңіл нұсқа - кен орындары кінәлі деп, айту. Бүгінге дейін мұндай пікірге қатысты ешбір негіз анықталған жоқ. Жұмыс сол жерде жүріп жатыр. Жапа шеккендер, ауруханаларда жатыр, ем жасалып, анализдер тапсырылды. Менің ойымша, сол жерде жұмыс жасап жатқан комиссия, ең негізгі себепті анықтауы тиіс және содан кейін тұжырым жасауға болады", - деді брифингте Ұзақбай Қарабалин.

Еске сала кетейік, биыл 28 қарашада Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылының мектебінде 20 баланың бірінен кейін бірі талып қалғаны хабарланған болатын. Сол кезде жергілікті ауруханаға 19 оқушы мен үш мұғалім жеткізілді. Барлығының ауру белгілері бірдей: бастың айналуы мен құрысу. Дәрігерлер "зорығу" деген алдын ала диагнозды белгіледі. Дәрігерлер қойған тағы бір диагноз - "баллоншадан шашылған газдан улану". Жергілікті тұрғындар оқиғаға себеп болып отырған өңірдегі экологиялық жағдай екеніне сенімді: Березовка ауылы дәл Қарашығанақ кен орнының маңында орналасқан.

Оқиғадан кейін Березовка тұрғындары Елбасыға хат жазып қойғандарын хабарлады, хатта оларды қауіпсіз аймаққа көшіру туралы өтініш айтылған. Бүгінгі таңда Березовкада 400 үй бар, ауылда 1500 адам тұрады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети