16 мамыр 2014 | 11:34

Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы өзінің тұтқындалғанын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Рүстем Әлбақасов. ©finpol.gov.kz Рүстем Әлбақасов. ©finpol.gov.kz

Атырау облысы экс-әкімінің күйеу баласы Рүстем Әлбақасов өзінің тұтқындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады "Ак Жайык" газеті.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы экс-әкімінің күйеу баласы Рүстем Әлбақасов өзінің тұтқындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады "Ак Жайык" газеті.

Газет редакциясының хабарлауынша, Рүстем Әлбақасовтың Женевада тұтқындалғаны туралы ақпарат жария етілгеннен кейін, журналистерге оның достары хабарласып, Рүстемнің бостандықта жүргеніне сендірді. Кейін Әлбақасовтың өзі байланысқа шығып, өзінің хабарламасын жіберген.

"Мені ешкім тұтқынға алған жоқ. Женевада мен істейтін ештеме жоқ, бұл қаламен мені ештеме байланыстырмайды. Құдайға шүкір, мен тірімін және денсаулығым жақсы", - деп хабарлаған Р.Әлбақасов. Ол өзінің тұтқынға алынғаны туралы ақпараттың таратылуын - ағайынды Рысқалиевтер мен олардың туыстарының беделін түсірудің әрекеті деп есептейді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын "KAZCASPIAN INDUSTRIAL SERVICE" ЖШС директоры Әлбақасов атышулы қашқын қайын ағасының қылмыстық істеріне қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген. Ал 2012 жылдың қазан айында Рүстем Әлбақасовтың үстінен мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімін алуға бөлінген 343 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Қазір Бергей Рысқалиев пен оның ағасы Аманжан да әлі іздеуде жүр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети