Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген Мемлекет басшысының Өкімінде.
Бұл қызметте болған Айдос Үкібайдың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметінен босатылғаны айтылады.
Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылғы 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы-редактор мамандығы бойынша аяқтаған, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы "Таң" телерадиокомпаниясының "Алматы жаңалықтары" ақпараттық бағдарламасының репортері, шығарушы редакторы, "Апта айнасы" бағдарламасының жүргізушісі қызметтерінен бастаған. 1998-1999 жылдары НТК телеарнасының "Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының редакторы, шығарушы редакторы болып қызмет етті.
"Нұр Медиа" ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі, 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары "Нұр Отан" партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Бүгінге дейін ол Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етті.