Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Президентке ақпараттық шабуыл жасалғаны туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, кейбір БАҚ жазып жатқандай Мемлекет басшысының швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ, Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ", - деп жазды Берік Уәли.
Оның айтуынша, Тоқаевтың бұрынғы жұбайының да ешқашан қаржылық шоты болмаған. Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол - кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген, деді ол.
"Өздеріңіз білесіздер, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!