25 наурыз 2020 | 15:15

Берлин - Алматы чартерлік рейсіндегі жолаушылардың көбі коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Берлин - Минск - Алматы чартерлік рейсінің алты жолаушысы мен бір бортсерігінен коронавирус расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифингте айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Берлин - Минск - Алматы чартерлік рейсінің алты жолаушысы мен бір бортсерігінен коронавирус расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифингте айтты.

12 адам болған чартерлік рейс Германиядан 12 наурыздан 13 наурызға қараған түні келген. Экипажды қоса алғанда, барлық жолаушы жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланды.

"Осы 12 адамның әрқайсысы, яғни тоғыз жолаушы мен экипаждың үш мүшесі жеке-жекеден оқшауланды. Диагноз 6 жолаушы мен бір бортсерікте расталды", - деп түсіндірді Молдағасымова.

Қаланың бас санитар дәрігері бұл рейстің тұрғындар үшін қауіпі жоқ екенін айтты, себебі ондағы адамдар дер кезінде карантинге жатқызылды. 

Еске салайық, елде коронавирус алғаш рет 13 наурызда екі адамда анықталған болатын. Науқастардың бірі түнде Германиядан 12 адам болған чартерлік рейспен келген. 14 наурызда дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалады.

17 наурызда коронавирус Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 13 наурызда Берлин - Минск - Алматы рейсімен ұшып келген екі жасар қыздан табылды. Кейін Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қыздың анасымен Куршевельде болғанын хабарлады. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалады, балада оң жақ пневомониясы анықталды.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда жалпы 79 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети