Бес адам Таиландтан денге безгегін жұқтырып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес адам Таиландтан денге безгегін жұқтырып келді ©Gigamir.net

Таиландқа барғаннан кейін Қазақстанның бес азаматы денге безгегімен ауырып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz бас санитар дәрігер, ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Жандарбек Бекшинге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таиландқа барғаннан кейін Қазақстанның бес азаматы денге безгегімен ауырып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz бас санитар дәрігер, ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Жандарбек Бекшинге сілтеме жасап.

"Өткен жылы Таиландта денге безгегін жұқтырудың ондаған мың жағдайы тіркелді, биыл 1500-ге жуық жағдай тіркелді. Жылдың алғашқы жартысында біздің туристер арасында денге безгегін жұқтырудың екі дерегі тіркелді, бүгінде тағы тіркеліп жатыр. Бақылау-өткізу пункттеріндегі біздің мамандар денге безгегін сырттан әкелудің барлығы бес дерегін тіркеді", - деді Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, Қазақстанда ауруды таратушы масалардың тіршілік етпеуі себепті елімізде денге безгегінің таралу қаупі де жоқ. 

"Шетелге шыққан кезде эпидемиологиялық тәртіпке қарсы ережелерді, жеке бас гигиенасын сақтап, жануарлар мен құстары бар орындарға бармаған дұрыс", - дейді Бекшин. Айта кетейік, денге безгегі - шағатын буынаяқтылар тарататын вирустық өткір ауру. Аурудан адамның лимфа түйіндері үлкейіп кетеді, денесі қалшылдайды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети