03 наурыз 2023 | 16:53

"Бес жылдан бері жол салған жоқ". Желіде әкімдікке ұрысқан бала алматылықтарды тәнті етті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны аудандардың біріндегі батпақ жолдар мен жедел жәрдем көліктерінің аянышты күйін видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengri Life.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны аудандардың біріндегі батпақ жолдар мен жедел жәрдем көліктерінің аянышты күйін видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengri Life.

Қазақстандықтар мегаполис мәселесіне бейжай қарамайтын кішкентай баланың азаматтық ұстанымына тәнті болды.

Бала өзі тұратын көшенің мәселесін көрсету үшін қолына телефон ұстап, далаға шыққан. Ол шалшық, шұңқыр, батпақ жолдарды, оған батып қалған жедел жәрдем көліктерін түсіріп алған. Видео Желіде жарияланды.

"Әкімдікке жібереміз, жол салсын. Мұнда жайдан-жай шықты деп ойласыз ба? Бес жылдан бері жол салған жоқ", - деп ашуланады бала видеода.

"Мәдениет ықшамауданы, жолдардың жағдайы мүшкіл", - делінген жазба сипаттамасында.

Видеоға жүздеген пікір жазылған. Өз аймағындағы проблеманы айтуды ұйғарған баланы көпшілік қолдады.

"Жарайсың балам! Әкімдік, жұрт қалай өмір сүріп жатқанына, қалай көмек алатынына көңіл бөліңіз! Әкім болып кетсе, өзі жасайды", "Балалардың өзі үндеу тастап жатыр, өйткені олар күн сайын мына балшықпен мектепке барады", "Жарайсың", - деп жазады қолданушылар.

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты жас автордың видеосына қатысты пікір білдірді.

"Видеодағы жер жеке аумақ саналады. Оқиға орнына арнайы техника жіберілді. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы "Мәдениет" ықшамауданында су құбыры және су бұру желілерін тарту бойынша мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізіп жатыр. Жолдарды асфальттау желілердің құрылысы аяқталғаннан кейін жүргізіледі", - деді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети