16 қыркүйек 2019 | 10:55

Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

2019 жылдың 15-17 қыркүйек аралығында Алматы облысының таулы  өзендерінде жаңбырдың, кей жерлерде қатты жаңбырдың болжамына байланысты, су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі.

Күндіз 16, тәулік бойы 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Петропавл қ: күндіз 16, тәулік бойы 17 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз 17 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз 16 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ: күндіз 16 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Күндіз 16 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қ: күндіз 16 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

16 қыркүйекте Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде  екпіні18 м/с күтіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети