Бес өңірде ауа райына байланысты "қызыл" деңгей жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес өңірде ауа райына байланысты "қызыл" деңгей жарияланды Фото: kazhydromet.kz

Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты "қызыл" деңгей жарияланды. Ол Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстары. Ол бұл аймақтардағы жоғары температураға байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты "қызыл" деңгей жарияланды. Ол Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстары. Ол бұл аймақтардағы жоғары температураға байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Ескерту картасында тағы төрт өңір сарғылт түспен белгіленген, олар: Павлодар, СҚО, БҚО және Жамбыл облыстары. Бұл аймақтарда да күн ысиды. Ауа райы туралы ескерту тек ШҚО-да жоқ. Өңір "жасыл" деңгейде. 

Сондай-ақ "Қазгидромет" синоптиктері ауа райына байланысты ескерту жариялады.  

Ақмола облысында кей жерлерде, Қостанай облысының оңтүстгінде, Қарағанды облысында 41 градусқа дейін ыстық болады. 

Қызылорда облысында 3 шілдеден 5 шілдеге дейін 45 градус ыстық болады. 

4-5 шілдеде күндіз Атырау облысында 41 градус ыстық болады. 

3 шілдеде күндіз Қарағандыда 35-36 градус ыстық болады. 

Маңғыстау облысында 40-41 градус, Ақмола облысында 41 градус, Атырау облысында 38 градус, Ақтөбе облысында 39 градус ыстық болады. 

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай мен бұршақ болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети