Ақтауда аурухана басшылығы бесікке ұзақ уақыт таңылған бала туралы хабарлаған фельдшерді жұмыстан шығарғалы отыр, "Тумба.kz" порталына бұл туралы дәрігердің достары хабарлады.
Ақтауда аурухана басшылығы бесікке ұзақ уақыт таңылған бала туралы хабарлаған фельдшерді жұмыстан шығарғалы отыр, "Тумба.kz" порталына бұл туралы дәрігердің достары хабарлады.
"Біздің досымызды, жас дәрігерді жұмыстан шығарғалы жатыр. Біз Мұнайлы аудандық ауруханасының әрекетіне наразымыз. Досымызға алғыс жариялаудың орнына оны жұмысынан айырғалы отыр. Оның отбасы бар, өзі созылмалы аурумен ауырады", - дейді фельдшердің таныстары.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары бесікке таңылған балаға қатысты оқиғаны арнайы комиссия тергеп жатқанын айтты. "Біз комиссия құрдық, ол қызметтік тергеу жүргізіп, балаға тиісті деңгейде қамқорлық көрсетілмегенін анықтады. Мұндай салғырттық баланың өліміне әкеп соғуы да мүмкін еді. Мұнайлы аудандық емханасының барлық басшысы жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады басқарма басшысы Руслан Бектібаев. Ол үй-үйді аралау кезінде медициналық тексеруден бірде-бір рет өтпеген бес жүкті әйел анықталғанын айтты. Сонымен бірге, ата-анасы емханаға тіркетпеген үш бала табылды.
Еске салайық, Ақтауда бір жасар сәбидің бір жылға жуық уақыт бойы бесікке таңылғаннан кейін ауруханаға түскені хабарланған болатын. Дәрігерлер оның бұлшықеттері қисық біте бастағанын, басы мен бетінде қанды ісік барын, құйрығының іріңдегенін анықтады. Полиция әуеліде баланың ата-анасының әрекетінен қылмыс құрамын таппады, дегенмен баланың әкесі "Ата-аналар мен басқа да заңды өкілдердің бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.