Бесінші қабаттың терезе алдында ілініп тұрған ер адамды құтқарғаны үшін Алматы ауданының жедел басқарма капитаны Ербол Саликовқа алғыс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасап.

Полицей көпқабатты үйдің бірінде терезе алдында ілініп тұрған ер адамды байқап қалған. Жағдайға жедел түрде баға беріп, бесінше қабатқа тез арада көтерілген.
"Пәтердің есігін ешкім ашпаған. Ербол енді есікті бұзайын деген кезінде, әйел ашқан. Сөйтіп, дереу пәтердің балконына барып, ер адамды ішке қарай тартып алды. Оқиға орнына дер кезінде жеткен жедел басқарма капитаны Ербол Саликовтың арқасында оқыс-оқиғаның алды алынды. Астана қаласының ІІД басшылығымен Ерболға алғыс жарияланды", - деді Астана Ішкі істер департаментіндегілер.
Жақында, желіде бесінші қабаттың терезесінде ілініп тұрған ер адамның видеосы жарияланды. Ол терезенің тақтайынан ұстап тұрып, айғайлап кері кіргізуін сұраған.
Оқиға 29 қыркүйекте Астанада болған. ІІД баспасөз қызметінің өкілдері сағат 16:00-де 102 нөміріне Қобыланды батыр көшесінің бойындағы үйлерде ер адам терезеден секірмекші деген хабар түскенін айтты.
Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп, ер адамды үйіне кіргізген. Кейін 40 жастағы ер адам мен оның әйелін оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізді.