Әлеуметтік желіде Түркиядан келген жүк көлік жүргізушісінің Қазақстанда полицейлер өзге елдерге қарағанда жиі тоқтататынын айтып шағымданған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Түркиядан келген жүк көлік жүргізушісінің Қазақстанда полицейлер өзге елдерге қарағанда жиі тоқтататынын айтып шағымданған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркиядан келген көлік жүргізушілеріне немқұрайдылық таныту дерегі бар ма, оны заңгер Бауыржан Бибатыров анықтауды жөн көрген.
"Бізге Түркиядан келген жүк көлік жүргізушісінің "полиция қызметкерлері Атырауда бесінші рет тоқтатқанын" айтып шағымданған видеосы келді. Оның айтуынша, Қазақстандағыдай еш жерде тоқтатпайды. Видеода полиция қызметкері арнайы бас киімін кимей, дөрекі сөйлесіп, құқық қорғау органдарының ғана емес, елдің беделін түсіріп тұрғаны көрінеді, - деп жазды ол.
Адвокат шара қолдануды сұрайды. Оның айтуынша, шетелдіктен ресми түрде кешірім сұрау керек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Атырау облысының полиция департаменті видеоны Түркиядан келген жүргізуші 2020 жылдың сәуірінде түсіргенін хабарлады.
"Заңсыз тоқтату дерегі болған жоқ, өйткені Жылыой ауданында "Майқұмген" санитария бекетінде жүргізуші өзі тоқтаған, ал полиция қызметкері жүк көлігі терезесіне қараңғылайтын пленка (тонировка) жабыстырылғанын байқаған. Видеоға нысанды бас киімсіз түсіп қалған полиция қызметкеріне шара қолданылады", - деді Атырау облысы ПД өкілдері.
Полицейлер жүргізушіге айыппұл салынбағанын, тек ескерту жасалғанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!