17 қыркүйек 2014 | 10:54

"Бесоба" тұрғындарына арналған үйлердің құрылысы биыл бітпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бесоба" кешенінде құлап қалған көпқабатты үй. ©ekaraganda.kz "Бесоба" кешенінде құлап қалған көпқабатты үй. ©ekaraganda.kz

Қарағандыда "Бесоба" ықшамауданының тұрғындарына 2014 жылдың соңына дейін екі жаңа үй пайдалануға берілетіні уәде етілген еді, бірақ құрылысшылар жұмысты бұл мерзімге дейін аяқтауға үлгермей жатыр, - деп хабарлайды KN.kz Қарағанды қаласы әкімінің Central Asia Monitor басылымына берген сұхбатына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда "Бесоба" ықшамауданының тұрғындарына 2014 жылдың соңына дейін екі жаңа үй пайдалануға берілетіні уәде етілген еді, бірақ құрылысшылар жұмысты бұл мерзімге дейін аяқтауға үлгермей жатыр, - деп хабарлайды KN.kz Қарағанды қаласы әкімінің Central Asia Monitor басылымына берген сұхбатына сілтеме жасап.

Қарағанды әкімі Арман Жұмекеновтің айтуынша, құлап қалған "Бесоба" тұрғын үй кешенінің 242 пәтер иесі үшін "Шапағат" жаңа ықшамауданынан фамилия бойынша баспана қарастырылды. 103 отбасы қазірдің өзінде бесінші, алтыншы, жетінші блок-секциялардағы пәтерлердің кілтін қолына алды, бірақ мемлекеттік актіге қол қойылған жоқ - қазір құрылыстың сапасы тексеріліп жатыр. "Бұрынғы "Бесобаның" қалған 139 тұрғынына әкімдік "Шапағат" ықшамауданының алғашқы төрт блок-секциясын қалдырып отыр. Құрылыс 2015 жылдың алғашқы жартысында аяқталуы мүмкін. Жағдайды шынайы бағалау керек, желтоқсан айында адамдарды жайғастырамыз деген үлкен мәлімдеме жасаудың қажеті жоқ", - деді әкім өз сұхбатында.

"Бесоба" тұрғындарының бәрі бірдей әкімдіктен көмек күтпеуі керек. Мысалы, 76 тұрғынға жаңа баспана берілмейді, өйткені 18 пәтер "Бесоба" кешенінде заңды тұлғаның атына тіркелген болса, 11 адам - "Бесобадан" екі және одан да көп пәтер алғандар. 

Тағы 47 адам мердігермен үлескер ретінде келісімшарт жасасқан, тұрғын үй кешеніндегі үйлер апаттық жағдайда деп танылған кезде олар өз шаршы метрі үшін ақы төлемеген болып шықты.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың көктемінде "Бесоба" тұрғын үй кешенінде төтенша оқиға болған еді. Үлескерлік құрылысқа қатысушылар есебінен салынған көпқабатты тұрғын үй 2009 жылы пайдалануға беріліпті. Негізгі құрастырмаларының жылыстап кетуінен ғимарат құлап қалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети