Бестеректегі қайғылы оқиға: зардап шеккен балалар ұшақпен Астанаға жеткізіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бестеректегі қайғылы оқиға: зардап шеккен балалар ұшақпен Астанаға жеткізіледі Фото: t.me/DenMinPR

Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шықты.

"Науқастарды Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызу туралы шешім қабылданды. Бортта дәрігерлер бригадасы бар", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік мәліметінше, тоғыз жастағы қыз бала дәрігерлердің бақылауымен жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылған.

Еске салайық, 19 тамызда Абай облысы Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети