23 маусым 2016 | 17:50

Бестөбе шахтасында атыс шығарды деген күдікке ілінген екі күзетші кепілақымен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Бестөбе шахтасында атыс жасады деген күдікке ілінген екі күзетші соттың басталуына дейін кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бестөбе шахтасында атыс жасады деген күдікке ілінген екі күзетші соттың басталуына дейін кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күзетші сот отырысына дейін кепілақымен босатылды. Бірақ кепілақының сомасын полицейлер айтпады. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, кепілдің сомасы шамамен 1 060 500 теңге.

Айта кетейік, Facebook қолданушысы Нұржан Баймулдин 16 маусымда Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы оқиға түсірілген делінген видеоны жариялаған еді. "Шахтерлер шахтадан шығып, таяқпен жұмысшыларды ұрды. Кейін оларды малды қайтарған сияқты қайтадан шахтаға қуып, кіргізіп жатыр. Жазба 16 маусымда салынды", - деп жазды Баймулдин өзінің парақшасында.

Сонымен қатар, "Қазақалтын" АҚ баспасөз қызметіндегілер мен Степногорск қаласы әкімінің баспасөз қызметіндегілер бүгін тұрғындардың компания басшысы мен билік өкілдерімен жиналыс өтетінін және оның нәтижесін кейінірек хабарлайтынын айтты.

Еске салайық, Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахтаның территориясында "Қазақалтын" АҚ жұмысшыларымен "Мыс-Орда" күзет агенттігінің қызметкерлерінің арасында төбелес шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға 16 маусымда болды. Қақтығыс барысында күзетшілер қарудан оқ атқан, жарақат алғандар бар. Оқиға орнында Степногорск прокуроры, ІІБ басшысы, қалалық ІІБ жедел-тергеу тобы болды. Айта кетейік, қақтығыстан 10 адам зардап шекті. Алайда "Қазақалтын ТМК" АҚ қызметкері әрі оқиға куәгері Tengrinews.kz тілшісіне төбелестен кем дегенде 14 жұмысшының және бес күзет қызметкерінің жарақат алғанын хабарлады. Оның айтуынша, "Мыс-Орда" күзет компаниясы жақында ғана келіп, жұмысшылардың арасындағы алтын ұрлау деректерін анықтау болған. Ол жұмысшылар мен күзетшілердің арасындағы қақтығыстың бұрын пайда болғанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети