"Бетпердесіз болды". БҚО тұрғыны дәрігерлерге наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бетпердесіз болды". БҚО тұрғыны дәрігерлерге наразы Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында ер адам Бөрлі аудандық ауруханасында бетпердесіз жүрген дәрігерлерге наразы. Ол әлеуметтік желілерде видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында ер адам Бөрлі аудандық ауруханасында бетпердесіз жүрген дәрігерлерге наразы. Ол әлеуметтік желілерде видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 16 наурызында Бөрлі аудандық ауруханасында түсірілген видео кадрларынан Тимур Базаровтың дәрігерлерден маска тағуды сұрап жатқанын көруге болады.

"Видеоны өзім түсірдім. Анам сол ауруханада жатыр. Терапевттер дұрыс түсік берместен инсульт алған анамды үйге шығарғысы келеді", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)

Әлеуметтік желі қолданушыларының көзқарасы екіге бөлінді.

"Сондықтан біз "қызыл" аймақта тұрмыз. Дәрігерлерге де бәрібір. Маска тағу режимі, арақашықтық та сақталмайды. Бұлай бола берсе локдаун енгізіледі", - деді Нина Сударушкина.

"Онда тұрған не бар? Олар өз бөлмелерінде отыр. Бұған дейін короновирус инфекциясын жұқтырған болар. Міндетті түрде мұның бәрін желіге салу керек пе?", - деп жазады әлеуметтік желінің тағы бір қолданушысы.

Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға түсінік берді.

"Оқиға ординатор кабинетінде болған. Екі медицина қызметкері маска тақпаған. Оларға тәртіптік жазалау шаралары қолданылады", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы тұрғындардан жанжал тудырмай басқармаға ресми түрде шағым түсіруді сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети