Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салуды күлкіге айналдырудың қажеті жоқ - вице-министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салуды күлкіге айналдырудың қажеті жоқ - вице-министр © pixabay.com

Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Абзал Нүкенов белгілі бір діни киімдерге тыйым салатын заңды келеке етудің қажеті жоқтығын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Абзал Нүкенов белгілі бір діни киімдерге тыйым салатын заңды келеке етудің қажеті жоқтығын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін дін саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы талқыланып жатыр. Бұл концепция аясында заң жобасы талқыланып жатыр. Түрлі вариация бар, біріншіден адамның бетін тұмшалап, кім екенін анықтауға мүмкіндік бермейтін киімдерге тыйым салу қарастырылып жатыр. Өзге тұстар әлі сөз болған жоқ. Бұл мәселе де шешілген жоқ. Ол мемлекеттік органдарда келісіліп, Парламентте талқылануы керек. Соңында Президент шешім қабылдайды. Сондықтан алда әлі үлкен жүмыс күтіп тұр. Сондықтан сантиметр мен миллиметрлерді күлкі етудің қажеті жоқ, - дейді вице-министр ОКҚ-дағы брифинг кезінде. 

Оның айтуынша, бұл мәселелерді сарапшылар және діни бірлестіктермен біріге жұмыс істеп жатқан жұмыс тобы талқылап жатыр. 

"Тыйымға қатысты Қазақстан ежелден толеранттығы мен бай дәстүрімен мақтана алатын. Заң біздің тарихи құндылығымызға кері әсер етеді деп ойламаймын. Қоғамда түсіністік болу керек", - деп атап өтті ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети