“Бей-жай қалмауға шақырамыз“: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бей-жай қалмауға шақырамыз“: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: Polisia.kz

ІІМ есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған телефондарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған телефондарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтарға үндеу жасады.

"Жаңа есірткі қаупі тез таралуына, жастарды заңсыз есірткі айналымына тартуда цифрлық арналар қолданылуына байланысты балаларымызды, жақындарымызды және еліміздің болашағын қорғау үшін күшімізді біріктіруіміз қажет. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі қылмыстарын, әсіресе, кәмелетке толмағандарды тарту жағдайларын анықтау, жолын кесу және алдын алу бағытында бар күш-жігерін салып жұмыс істеп жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Ол бұл мәселені тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу мүмкін емес екенін айтты.

"Сіздерді бей-жай қалмауға шақырамыз. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Заңсыз сату бойынша күдік тудыратын интернет ресурстарға, граффити мен кодтары бар жарнамаларға мән беріңіздер", - деді Данияр Мейірхан.

ІІМ әр өңір бойынша кері байланыс үшін телефон нөмірлерін жариялады. Сіз маңызды ақпаратты анонимді және қауіпсіз түрде хабарлай аласыз. Бұл қылмыстың алдын алып, біреудің өмірін құтқаруға көмектесуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети