14 қаңтар 2022 | 22:16

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек - Берік Уәли

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook-парақшасында жариялады

"Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға "Қасіретті қаңтар" оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзу дерегі бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды. Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды. Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек", - деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек.

"Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети