Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Шүменов Бейбіт. 2-күн іздестіріліп жатыр. Туған күні: 19.08.1983, жынысы: еркек, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ. Іздестіру ісі 22.07.2023 "Астана өңірде тіркелді". Бастамашы: ҚР ІІМ. Іздестіруді жүргізетін орган: Астана қаласының Есіл аудандық ПБ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді.

Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.

Кейінірек полиция осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ал ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады.

Кейінірек Бейбіт Шүменов оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қалай болғанын айтып берді.

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов – танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы. Мансабын 2007 жылы бастаған. 19 жекпе-жек өткізіп, 17-де жеңіске жеткен. 2 кездесуінде қарсыласына есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети