Бейбітшілікті таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ету керек - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбітшілікті таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ету керек - Тоқаев Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана халықаралық форумы – бұл диалог алаңы. Оның негізгі миссиясы мынадай:

  • Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау;
  • Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау;
  • Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру;
  • Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру;
  • Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту.

"Бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді. Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети