Бейжіңде "Цзиньтай" мұражайында Қазақстанның 25 жылдығына арналған "Абай оқулары" өтті, - деп хабарлайды strategy2050.kz АА.
Бейжіңде "Цзиньтай" мұражайында Қазақстанның 25 жылдығына арналған "Абай оқулары" өтті, - деп хабарлайды strategy2050.kz АА.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Абай оқулары" бейжіңдік "Чаоян" паркінде орналасқан Абай ескерткішіне гүлшоқтар қою рәсімінен басталды.
Іс-шараға Қытайдағы дипломатиялық корпус, қазақ қандастарымыздың өкілдері, қытайлық суретшілер және ақындар қатысты. Қазақстандық және қытайлық студенттер Абайдың шығармаларын қазақ, орыс және қытай тілдерінде көркемдеп оқып, әнге қосты.
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Ш.Нұрышев қазақ халқының рухани, өнерпаздық әлеуеті, даналығы, бостандық сүюі және отаншылдығы толық ашылған Абай шығармаларының қазақ әдебиетінің қалыптасуындағы рөлін атап өтті. Абайдың қазақ әдебиетіндегі реализмнің, әдеби қазақ тілінің қалыптасуына зор үлес қосқаны атап өтілді.
Шетелдік дипломаттардың айтуынша, "Абай оқулары" мен фотокөрме Қазақстанның өткенін және қазіргі кезін тереңірек түсінуге, ғұлама ақын мен философтың аруағына тағзым етуге, сондай-ақ жас буынның ана тілі мен әдебиетке сүйіспеншілігін баулуға мүмкіндік берді.