Оралдық антиквар рак ауруымен ауыратын баланы құтқару үшін өзінің коллекциясындағы қымбат бағалы бұйымдарын сыйлыққа беруге дайын, - деп жазады "Мегаполис". Кім баланың емделуіне қаражат берсе, онда ол неміс суретшісі А.Приллердің VІІІ ғасырдан бері өте жақсы сақталған картинасын, сондай-ақ ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басында шыққан Құран кәрімді сыйға тартады.

Антиквар өзінің атын жарнамалағысы келмейді, ол өзін Наргиза Әмірхановамын деп бүркеншік атпен таныстырды. Ол мұның алдында да ауру балаларға қайырымдылық жасау үшін өзінің коллекциясындағы бұйымдарды көрмеге қойған. Осы жылдың басында ол кейбір деректерге қарағанда Шыңғыс хан ұрпақтарының біріне тиесілі алтын жүзікті қайырымдылыққа пида еткен. Бұл қаражат сал ауруына ұшыраған Катя Власованың емделуіне жұмсалған.
Бұл жолғы сыйлыққа берілетін бұйымдардан түскен ақша өткір аққан ауруымен науқастанатын 12-жасар Мерлан Ажгереевтің емделуіне жұмсалмақ. Ол Оңтүстік Кореяда емделуі керек, ол үшін оған 400 000 доллар қажет. Мұндай қаражат баланың ата-анасында жоқ.
"Мен антиквар ретінде жақсы білемін, Қазақстанда антикварға қызығатын дәулетті адамдар арасында қисапсыз қаражат айналымға түседі. Оны неге болса соған жұмсайды: қымбат сағат, әшекейлер, көлік, үй деген секілді. Өзінің ұнататын заттарын алғанша, неге мұқтаждарға, ауру-сырқауларға жәрдем етпеске?", - дейді меценат.
Актиквар қайырымдылыққа ұсынған картина Кастеев атындағы өнер мұражайында сараптамадан өткен, мамандар оның түпнұсқа екендігін, тарихи және көркем қазына екендігін растады. Приллердің шығармашылық жұмысы бірден 400 мың долларға сатыла қоятынына ол да сенбейді, дегенмен ол ең болмаса, Мерланның емделіне алғашқы жарна - 30 мың доллар төлеген адамға әлгі бұйымды сыйлыққа бермек.
"Кім науқас балаға көмектесуге шешім қабылдаса, ақшаны клиниканың есепшотына немесе Мерланның ата-анасына әкеп берсе, мен уәде етілген картинаны қуана-қуана берер едім", - дейді антиквар. Мерлан Ажгереевке көмектесу үшін ақшаны қайда аудару керек, жалпы қайырымдылық қорының реквизиттерін мына жерден көре аласыздар.