Бейімдеу орталығындағы ақша жымқыру ісі сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейімдеу орталығындағы ақша жымқыру ісі сотқа жолданды Фото:depositphotos.com

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының басшысы ұрлық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының басшысы ұрлық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 9 қыркүйекте Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін жасады.

Тергеу барысында 2017 жылдың қазанынан 2024 жылдың тамызына дейінгі кезеңде "Қостанай қалалық тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдарды әртүрлі лауазымдарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды.

"Жұмыспен қамтылғандар жұмыс орындарына іс жүзінде келмеген, функционалдық міндеттерін орындамаған, ал басшы олардың шоттарына жалақы түрінде түскен ақшалай қаражатты иемденген. Күдіктінің заңсыз әрекеті нәтижесінде мемлекетке 11 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1), 2) тармақшасы бойынша сараланған (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамға теңестiрiлген адамның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi қызмет бабын пайдалана отырып, iрi мөлшерде жымқыруы)", - делінген хабарламада.

Бұл баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс Қостанай қаласының № 2 сотына жолданғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети