ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мамыр 2020 | 11:00
Бейресми білім беру. i-balaqai жобасында Дима Зицер
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер бейресми білім беру деген не және оның классикалық тәрбиелеуден ерекшелігі мен айырмашылығы туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер бейресми білім беру деген не және оның классикалық тәрбиелеуден ерекшелігі мен айырмашылығы туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.
Көкейде жүрген сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Оған жауапты тікелей сарапшы береді.
Дима Зицер - педагогика бойынша Ph.D, "Свобода от воспитания", "Любить нельзя воспитывать", "Современное педагогическое искусство: азбука НО", "(НЕ) Зачем идти в школу", "О бессмысленности воспитания подростков" кітаптарының авторы. Әріптестерімен бірге "Бейресми тәрбие беру" деп аталатын педагогикалық бағытты дамытады.
Жүргізуші - "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылар мектебінің негізін қалаушы, "Мама в теме" жобасының авторы, бақытты балаларды тәрбиелеу бойынша нұсқаушы Асхат Абжанов.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz, Massaget.kz сайттарынан, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларында тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал психология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психология ғылымдарының кандидаты Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдарын айтып берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал мәселесін және жазушы Наталья Ремиш балалардың қорқынышы, эмпатия және мультфильмдер туралы қозғады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также