01 мамыр 2020 21:09

Әке мен баланың қарым-қатынасы. i-balaqai жобасында Шалва және Паата Амонашвилилер

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі, сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан тамашалай аласыздар. Артынша сағат 20:30-да Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көре аласыз. 

Шалва Амонашвили заманауи ер адамның отбасын сақтап қалуға қауқарсыздығын олардың көбіне материалдық құндылыққа мән беруімен байланыстырды. 

"Ең бастысы - дүниеңнің болуы: ақшаңның, көлігіңнің, саяжайыңның болуы. Отбасының меншігі, капиталы мен бизнесінің болуы. Бұл - жағдайы жақсы ер адамның сипаттамасы. Ер адамның кәсіпкер, қаржыгер болуы оның басқа құндылығының, ішкі құндылығының азаюына әкеліп соғады", - дейді профессор. 

Екінші себеп - ер адамның әйел адамды өзінен төмен санауы.

"Оларсыз ер адам өмір сүре алмайды. Ер адамның ғаламшардағы өз міндеті бар. Бірақ біз бұл міндетімізбен көкіректеніп кетпеуіміз керек. Бізге шағын ғаламшарымызды қорғау тапсырылды. Әйелдерімізбен бірге, бірақ біз ғаламшарды өз қолымызда ұстауымыз керек", - дейді психолог. 

Профессордың сөзінше, ұл баланы нағыз еркек ретінде тәрбиелеу үшін оның батырлық қасиетін дамыту керек. Ол үшін әке үлгі бола білуі керек. 

"Өкінішке қарай, біз мектепте, тіпті отбасында баланы батыр етіп тәрбиелемейміз. Ұлдарды қыз бала секілді тәрбиелейміз: барма, алма, қауіпті деп. Ер адамға ешнәрсе қауіпті болмауы керек. Біз ұл баланы қорғаштайтынымыз соншалық, олар қаламаса да басқаша болып кетеді", - дейді Шалва Амонашвили.  

Сарапшы ер адамның өзі батырлық қырын көрсете алмаса, ұлын тәрбиелеуі қиынға түсетінін айтады. 

"Егер әкенің өзі батырлық ерлік көрсетпесе, онда ұлын батыр етіп тәрбиелеуі қиын болады. Одан бөлек, ол шын ниетпен істей алмадым, үлгермедім, көмектеспеді деп айтатын болса, ол арман күйінде қалады және ол арманның орындалғанын қалайтын болады", - дейді профессор. 

Шалва Амонашвилидің айтуынша, әйел адам әрқашан ұлының ер адамға тән істеріне, батырлығына, адалдығына, шыдамдылығына тәнті болуы керек. 

Профессор әке мен бала арасындағы достық жайлы сөз қозғады. 

"Ұл бала өскенде шар, доп секілді болады. Ол көз алдымызда айналып жүрген соң, шардың әр нүктесін білеміз. Сондықтан біз балаларымызды бес саусағымдай білемін деп айтамыз. Аналар да көбіне "баламды бес саусағымдай білемін" дейді. Бірақ балалар ол әкесіне ұнамайтынын біртіндеп түсініп, ол туралы айтпау керек деп ойлайды. Мұндай әрекет ашу шақыруы мүмкін, сондықтан ол туралы айтудың қажеті жоқ деген секілді ой туады. Сөйтіп, енді шар емес, жазыққа айнала бастайды және әкесіне дәл сол тұрпатында көрініп, тек жақсы тұсын көрсетуге асығып тұрады", - дейді профессор. 

Сондай-ақ Шалва Амонашвили жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сауалдарына жауап берді. Оның айтуынша, балаға жастайынан ұялы телефонды қолдану мәдениетін үйрету керек. 

"Адамдар отбасында техника екінші орындағы зат екенін сезінуі керек. "Кешіріңіз, маған ұлым келіп тұр. Мен сізге кейінірек хабарласамын" деген секілді түсіндіріп. Бұл - тәрбие. Ұялы телефонға біреу хабарласқан кезде біз баламен, әйеліңмен сөйлесуді доғарамыз", - дейді психолог. 

Ал Паата Амонашвили отбасының амандығы мен бақытты болуы - жанұя мүшелерінің "көктегі махаббатты" сыйлай білу қасиеті екенін айтады. Яғни, ештеңеге қарамастан жақсы көру. 

"Бірнеше себеп бар: ұрысу, күштеу, егер біреу бағынбаса жазалау. Іштей "иә, жақсы көргеннен жазалаймын, жақсы адам болсын деп ойлап ұрып-соғамын" деген секілді пікір қалыптасады. Бұл - шартты махаббат. Бірақ біз басқа тұстан әсер етсек болады. Алдымен біз сол сезімді кез келген жағдайда, махаббатты сезінгенде де көрсетеміз. Ол рухани вирус секілді болады. Жақсы көрген сайын жан-жағымыздағы аураны қалыптастырамыз", - дейді Паата Амонашвили. 

Тікелей эфирдің видеосын TengriTV-дің YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz парақшасынан және "ВКонтакте" желісінен тамашалай аласыздар.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети