БҒМ "Білім-инновация лицейлері" туралы мәлімдеме жасады

07 Наурыз 2017, 09:06
1
БҒМ "Білім-инновация лицейлері" туралы мәлімдеме жасады -

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Білім-инновация лицейлерінің" толықтай қазақстандық білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-ақ олардың өз қызметін қалыптасқан жағдайда жалғастыратыны туралы ресми мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктың 2 наурыз күні қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркияның білім министрлігі басқаруына өтетіндігі туралы айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығаратыны туралы мәлімдейді. ҚТЛ "Білім-инновация лицейлері" болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, алдағы уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша бірігіп мәлімдеме жасайтыны айтылады. Ал оған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды Түркия елшісінің жасаған мәлімдемесі бойынша алаңдамауларын сұрайды. "Білім-инновация лицейлері" жұмысының әдеттегі тәртібі өзгеріссіз қалады.

"Білім-инновация лицейлері" - жұртшылық арасында жоғары бедел мен құрметке ие болып отырған білім беру мекемесі. Қазақ-түрік лицейлерінің бәрі 2016 жылы "Білім-инновация лицейлері" болып қайта құрылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай