19 наурыз 2022 | 12:51

БҒМ Қазақстанда ЛГБТ насихаттайтын оқу бағдарламасы әзірленіп жатыр деген ақпаратқа пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде қазақстандық мектептерде болашақта "ЛГБТ дамыту" және ерте жыныстық ағарту бойынша сабақтар өткізілетіні туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.  


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде қазақстандық мектептерде болашақта "ЛГБТ дамыту" және ерте жыныстық ағарту бойынша сабақтар өткізілетіні туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.  

Бұл қауесетті ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

Ведомство мәліметінше, мұндай жаңашылдықтарды мектеп бағдарламасына енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

"Әлеуметтік желілерде Қазақстанда оқушыларға арналған "ЛГБТ дамыту" және ерте жыныстық ағарту бойынша бағдарлама әзірленіп жатқаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл тағы бір фейк. Мұндай тақырыптарды насихаттау бойынша қандай да бір оқу бағдарламалары мен пәндер жоқ және болмайды да. Балаларды патриотизмге, еңбексүйгіштікке, отбасылық құндылықтарға үйрететін қазақстандық мұғалімдер мұндай бастамалар көтерен жоқ", - деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері жалған ақпарат таратқан адамдарға жауапкершілік жүктелетінін еске салып, ҚР БҒМ ресми парақшаларында және министрлік сайтында жарияланатын ресми мәліметтерге ғана сенуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети