29 қазан 2019 | 11:42

БҒМ құрылымындағы қызметкерлер жалақысынан 4 есе көп сыйақы алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ведомстволарда функциялардың қайталануы, алаңдарды ұтымсыз пайдалану, негізсіз сыйақылар секілді деректер анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ведомстволарда функциялардың қайталануы, алаңдарды ұтымсыз пайдалану, негізсіз сыйақылар секілді деректер анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Алик Шпекбаевтың төрағалығымен Білім және ғылым министрлігін оңтайландыру мәселесі бойынша жұмыс отырысы өтті.

Отырыс барысында Adal Bilim жобалау кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен қызметкерлерге негізсіз сыйақылар берілгені анықталғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, министрлікке бағынышты кейбір ұйымдардағы сыйақы мөлшері - қызмет нәтижесіне қатыссыз қызметкерлердің еңбекақысынан 400 пайызға дейін көп.

"Материалдық-техникалық базаны сараптау азғана қызметкері бола тұра ғимараттар мен бөлмелерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен, небәрі 70 адам штаты бар "Кәсіпқор" Холдингі" КЕАҚ-ның жалпы аумағы 1567 шаршы метрді құрайтын ғимаратын жалға алу шығыны 52 547 140 теңге. Мысалы, Холдинг Төрағасының орынбасары 144 шаршы метр кеңсе, 48 және 40 шаршы метр сәйкесінше демалыс және қабылдау бөлмесін, құрылымдық бөлімше басшысы 175 шаршы метр кабинеттеріне ие болған", - деді агенттікте. 

Пеннің айтуынша, жыл сайын қомақты бюджеттік қаражатты игеретін "Өрлеу" мен "Кәсіпқор" холдингі сияқты Білім және ғылым министрлігіне бағынышты ұйымдардың қызметінің тиімділігі мен мемлекеттік тапсырмаларды орындау тәртібі күмән келтіреді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети