БҒМ маңғыстаулық оқушыға миллион теңгені қайтаруды ұсынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҒМ маңғыстаулық оқушыға миллион теңгені қайтаруды ұсынды

Маңғыстаулық 4-сынып оқушысының әрекетіне қатысты Білім және ғылым министрлігі мәлімдеме жасады. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова балаға ақшаны қайтаруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстаулық 4-сынып оқушысының әрекетіне қатысты Білім және ғылым министрлігі мәлімдеме жасады. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова балаға ақшаны қайтаруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова бұл жағдайға қатысты пікірін Facebook-парақшасында жариялады.

"Маңғыстаулық төртінші сынып оқушысы математика сабағында қолдануға арналған құрал жасап, өзінің білімі мен күш-жігерінің арқасында республикалық конкурста 1 миллион теңге ұтып алғаны қуантады. Дарынды балалардың әлеуетін көтермелеу, оларды қолдау өте маңызды. Оқушы жеңіп алған сыйақысын өзінің мектебіне интерактив тақтаны сатып алуға жұмсауға ниет білдіргені оның мейірімді жүрегі мен басқа да жағымды қасиеттерін көрсетеді. Бұл ретте интерактив тақтаны республикалық конкурста жеңіске жеткен оқушы емес, жергілікті атқарушы орган сатып алуы тиіс. Әрине, балалардың өз мектебін қолдауға және дамытуға деген ұмтылысын қолдау керек. Дегенмен, бұл ондай жағдай емес", - деп жазды ол.

Гүлмира Кәрімова мектептерді заңнамалық тұрғыдан қаржыландыру әкімдіктердің құзырында екенін де атап өтті. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға бюджеттен қаржы бөліп отыр.

"Заң бойынша мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзыретінде екенін атап өту қажет. Жергілікті атқарушы органдар қажетті жабдықтарды сатып алу үшін бюджет қаражатын бөледі. Маңғыстау облысы әкімдігінің Білім басқармасына зияткерлік конкурста жеңген ақшаны оқушыға қайтару және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен қажетті құрал-жабдық сатып алу ұсынылды", - деді ол.

Айта кетейік, оқушы республикалық әлеуметтік жобалар байқауында ақшалай жүлде алған. Бұл қаражатқа мектепке заманауи құрал-жабдықтар – интерактив тақта сатып алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети