Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларға қандай жағдайларда мектепте смарт-сағат тағуға тыйым салынатыны жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларға қандай жағдайларда мектепте смарт-сағат тағуға тыйым салынатыны жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомстводағылардың мәліметінше, әрбір мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің өкілдері гаджеттерді қолдануға тыйым сала ма, жоқ па - өздері шешеді.
"Білім беру" туралы заңның 43-бабына ("Білім беру ұйымдарының құзыреті") сәйкес, білім беру ұйымы оқу-тәрбие процесін қалай жүзеге асыру керектігін өз бетінше шешеді. Ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту де мекеменің құзыретінде", - делінген БҒМ өкілдерінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында.
Сондай-ақ, министрлік өкілдері оқушылардың смартфон немесе смарт-сағаттар қолдануы жайлы мәселенің білім беру мекемесінің ішкі тәртібі бойынша реттелетінін айтып өтті.