БҒМ Семейде мұғалімдердің көше тазалауына қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҒМ Семейде мұғалімдердің көше тазалауына қатысты пікір білдірді

Білім министрі Асхат Аймағамбетов 16 қазанда көше сыпырған мұғалімдерге қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім министрі Асхат Аймағамбетов 16 қазанда көше сыпырған мұғалімдерге қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр пікірі Facebook парақшасында жарияланды.

"Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған. 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне қатысты емес қызметтерге тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды", - деді министр.

Ол осындай әрекет үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартудан бастап жұмыстан шығаруға дейін 200-ге жуық басшы жазаланғанын еске салды.

"Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіп жатыр. Қала әкімі орынбасарының осы жағдайға қатысы расталса, бұл лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, қажет шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар, қалалық білім бөлімі басшысы да жауапкершілікке тартылады", - деді министр.

Бұған дейін Семей тұрғыны мектеп мұғалімдері сабақ өткізудің орнына сенбілікте көше тазалап жатқанын суретке түсірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети