17 қараша 2016 10:11

Бигелді Ғабдуллин қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© altaynews.kz © altaynews.kz

Осыған дейін ұсталған Бигелді Ғабдуллин қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.


Осыған дейін ұсталған Бигелді Ғабдуллин қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"16 қарашада Астана қаласының Алматы аудандық № 2 соты Бигелді Ғабдуллинге қатысты "қамау" шарасына санкция берді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Бигелді Ғабдуллин меморгандардан қаражат бопсалады деген күдікпен ұсталған болатын. "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" басылымдарының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу кезінде Ғабдуллиннің өз бақылауындағы "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты абыройын түсіру және жағымсыз материалдар жариялау жолымен ақпараттық шабуылды үдеткені анықталды", - делінген хабарламада. 

Ұлттық бюроның мәліметінше, Ғабдуллин осыдан кейін сынды азайту үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған. Олар, өз кезегінде Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алулар туралы келіссөздерге қол қойылуын қамтамасыз еткен. Осыдан кейін, БАҚ-тарда олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жариялана бастаған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінде Ғабдуллин бюджет қаражатынан 10 миллион теңге бопсалаған. Осыған ұқсас жолмен Ғабдуллин 7 мемлекеттік органнан мемлекеттік тапсырыс алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети