Бижамал Рамазанова қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бижамал Рамазанова қайтыс болды Бижамал Рамазанова. Фото www.kaznpu.kz

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым және философия ғылымдарының кандидаты Бижамал Рамазанова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 93 жаста болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым және философия ғылымдарының кандидаты Бижамал Рамазанова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 93 жаста болған.

Бижамал Рамазанова 1927 жылы 21 маусымда Талдықорған облысы Қызылағаш ауылында туған. Алма-Ата мұғалімдер институтын (1957 жылы), Абай атындағы қазақ педагогика институтын (1959 жылы) тәмамдаған.

Ұлы Отан соңысы кезінде 15 жаста болғанда орта мектеп мұғалімі болған. Содан кейін Талдықорған қалалық комсомол комитетінде (1945-1959) лауазымды қызметтер атқарды.

Талдықорған қалалық, Талдықорған облыстық атқару комитеттерінде, Алматы облысы партия комитетінде (1959-1963), Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Төралқасында (1963-1975), республикалық Министрлер Кеңесінде (1975-1982) лауазымды қызметтер атқарды. Сол кезде Дінмұхамед Қонаев, Шахмардан Есенов және Ғабит Мүсірепов сынды тұлғалармен бірге еңбек еткен.

Бижамал Рамазанова мен Дінмұхамед Қонаев

Зейнет демалысына шыққан соң Мәдениет қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру институтында, Алматы жол құрылысы институтында дәріс оқыды.

Қазіргі Алматы облысы Ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі болды және Алматы қалалық жастарды патриоттық тәрбиелеу секторын басқарды.

Қоғамдық қызметтері

1963–76 жылдары аралығында Азия және Африка елдері ынтымақтастығы Қазақ комитеті төрағасы, Кеңестік ынтымақтастық комитеті төралқасының мүшесі болды.
1964-76 жылдары Кеңес әйелдері комитетінің мүшелігіне сайланды.
Бірнеше рет Кеңес Одағы қоғамдық ұйымдарының Азия және Африка елдеріне делегациясын бастап барып, халықаралық форумдарға қатысты.

Ғылыми жұмыстары: 4 монографияның авторы.

Марапаттары

2 мәрте "Қызыл Ту" және 2 мәрте "Құрмет белгісі" ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети