16 шілде 2016 10:12

Биік емес ғимаратқа пандус салғандарды Атырау облысының әкімі сынның астына алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше, 16 шілдеде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барды. Елді мекендердегі нысандармен танысқан әкім Атырау облысы құрылыс басқармасының жұмысын сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеше, 16 шілдеде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барды. Елді мекендердегі нысандармен танысқан әкім Атырау облысы құрылыс басқармасының жұмысын сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім ауылдардың бірінде көлденең етіп салынған пандусқа назар аударды. "Бұл пандустың не пайдасы бар? Өзі көлденең салынған. Ғимараттың кіреберісі аласа. Бұл жерде пандустың не қажеті бар? Бұны істеп жүрген кім?", - деп сұрады әкім.


Махамбет ауданындағы аласа ғимаратқа салынған пандус. © Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жергілікті шенеуніктер жобаның о баста осылай жасалғандығын айтып ақталуға тырысты. Олардың айтуынша, сметалық құжаттама дайындау кезінде пандус құрылысы осылайша енгізіліп кеткен. Дегенмен шенділер, бұл құрылыс нысанының не қызмет атқаратынына мардымды жауап бере алмады. "Шынымызды айтсақ, бұның не үшін салынғанын өзіміз де білмейміз", - деді жергілікті басшылар.

Аймақ басшысы мемлекет қаржысын пайдасын оңды солды шашпауды ескертіп, жергілікті басшыларға шүйлікті:

"Сметалық құжаттаманы жасаған кім? Кіре берістің аласа екенін көріп отырсыздар. Пандустың қажетсіз екенін түсініп отырсыздар ма? Көзбояушылықпен айналысудың қажеті жоқ", - деді әкім.

Сонымен қатар, аймақ басшысының сынына ауылдардың бірінде салынған поликлиника құрылысының сапасы да ұшырады. Екі жыл бұрын салынған нысанның фундаменті отырып, қабырғаларында жарықтар пайда болған. Құрылыс басқармасы басшыларының айтуынша, объект әлі мемлекет балансына алынбаған. Ал ғимараттың отырып бара жатқанының себебі - нысанды саларда астына төселген топырақ жеткілікті деңгейде нығыздалмаған. Яғни, құрылыс заңдары өрескел бұзылған. Осының себебінен салынғанына ай өтпей жатып, ғимарат қабырғалары жарыла бастаған.

"Ғимарат өте нашар, қалай болса солай салынған. Қарапайым табиғат заңдарын сақтамағансыздар. Кепілдік мерзімін де өткізіп алып отырсыздар. Бұлай жұмыс істеуге болмайды", - деді әкім. "Бұл мәселені дұрыстап қарап, тексеру керек" деп сөз бастаған шенеунікті әкім "Мен не істеп тұрмын? Мені жұбатудың қажеті жоқ" деп, тыйып тастады.


© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети