Биік үйдің балконынан аяғын салбыратып отырған балалар жұртты шошытты

26 Тамыз, 10:59
1
Биік үйдің балконынан аяғын салбыратып отырған балалар жұртты шошытты -

Алматының тұрғын үй кешендерінің бірінде балконда отырған балалардың суреті Желіде талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Балалар Алматы қаласы Бостандық ауданы "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің балконында отырған. 

"Құрметті "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің тұрғындары, бәлкім мына суреттен өз балаларыңызды танитын боларсыздар. Күзетшіледің айтуынша, балалармен сөйлескен. Олар басында 10-қабатқа шыққан, сосын 16-шыға көтерілген. Осындай суреттен төбе шашығы тік тұрады", - деп жазған суреттің авторы. 

Алматы полициясы өкілдерінің айтуынша, балалардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізіледі. 

"102 каналына қоңырау түскен жоқ. Бұл туралы әлеуметтік желіден белгілі болды. Қазіргі уақытта ювеналды полиция осы іспен айналысып жатыр. Балалардың ата-аналарын іздеп жат ыр. Ата-аналардың салғырттығынан балалардың өміріне қауіп-қатер төнуі мүмкін", - деді полиция өкілдері. 

Құқық қорғау органдары тұрғын үй кешенінің күзетшілерімен жұмыс жүргізеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | Almaty ???????????????? (@kris.p.almaty)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай