Билеп жүрген "прокурорлардың" видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билеп жүрген "прокурорлардың" видеосы тарады

Өскеменде билеп жүрген "прокурорлардың" видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде билеп жүрген "прокурорлардың" видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Kozachkov offside Telegram-каналында пайда болды. Жазба авторларының айтуынша, видеоға Өскемен прокурорлары түсіп қалған.

"Өскемендік прокурорлар жақсы жұмыс істейді, жақсы демалады! Тек сұрақ: бұл карантинде болған жоқ па?"- деп сұрайды жазба авторы.

Бас прокуратура ресми сауалға жауап ретінде қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Облыс прокуратурасы Kozachkov offside Telegram-каналында тараған бейнероликті қарады. Қазіргі уақытта барлық көрсетілген дерек бойынша ішкі тергеу департаменті жүргізетін қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз", - деді прокуратурадағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети