Білім және ғылым министрі мектеп формасының қандай болуы тиіс екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі мектеп формасының қандай болуы тиіс екенін айтты © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев көрме-форумда мектеп формасының қандай болуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев көрме-форумда мектеп формасының қандай болуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада отандық өндірушілер тіккен мектеп формасының көрме-форумы өтіп жатыр.

Министрдің айтуынша, ата-аналардің көбі және педогогикалық кеңес бірыңғай мектеп формасы туралы жақсы пікір білдірген. "Біз мұны қуанышпен атап өтеміз. Ата-аналар мектеп формасының балаларға жақсы әсер ететінін айтып отыр", - деді ол.

Сағадиев мектеп формасын таңдау құқығы білім беру ұйымының және ата-аналар қоғамының құзыретінде екенін айтты. "Біз мұны дұрыс деп есептейміз. Әр мектеп өзінше ерекшеленіп тұруы керек. Сондықтан да мен бұл бастаманы қолдаймын. Сонымен қатар, форманың қабылданған талаптарға сәйкес болуы керек екенін айтқым келеді. Ол әдемі, функционалды, қауіпсіз, қолайлы болуы тиіс", - деді Сағадиев. Ол бірыңғай көк түсті мектеп формасы енгізілген Алматы қаласын мысалға келтірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда мектеп формасының талаптары енгізілген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети