24 ақпан 2017 16:56

Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелерін талқылау аяқталуға жақын - Ақорда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақордада Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Ақордада Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Осы аптада "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімі аяқталады.

Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған конституциялық реформаға қоғамдағы қызығушылықтың деңгейі жоғары болғаны отырыс барысында аталып өтті. Жұмыс тобының атына Парламенттің рөлін, Үкіметтің және жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейту, құқық қорғау қызметін және сот жүйесін жетілдіру жөнінде, сондай-ақ меншік құқығы мәселелері бойынша үш мыңдай өтініш келіп түсті. Бұл ұсыныстар Мемлекет басшысының конституциялық өкілеттіктеріне де, ел заңдары арқылы белгіленген өкілеттіктерге де қатысты.

Жұмыс тобының мүшелері келіп түскен барлық ұсыныстарды жинақтап, қорытып, мұқият қарастыру үстінде. Бұл жұмысқа отандық және шетелдік сарапшылар, тиісті мемлекеттік органдар қатысуда.

Еске салайық, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасы бүкілхалықтық талқылау қорытындылары бойынша жетілдіріліп, Мемлекет басшысына ұсынылатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети