29 сәуір 2022 | 17:26

Билікте жүрген ағайынды шенеуніктер

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Мемлекеттік қызметте жүргендер арасында ағайындылар, бір отбасынан шыққан ағалы-інілі шенеуніктер де бар. Tengrinews.kz тілшісі билікте қандай ағайындылар жүргенін анықтап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызметте жүргендер арасында ағайындылар, бір отбасынан шыққан ағалы-інілі шенеуніктер де бар. Tengrinews.kz тілшісі билікте қандай ағайындылар жүргенін анықтап көрді.

Бір күнде қызметінен бірі кетіп, екіншісі келген ағалы-інілі

2020 жылғы ақпаннан бері Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарған Бердібек Сапарбаев биыл 7 сәуірде орнынан кеткен болатын. Желіде Сапарбаевтың аймақ тұрғындарымен жылап қоштасқан видеосы да таралған еді. Дәл осы күні екі ағайындының бірі - Бердібек Сапарбаев облыс әкімі қызметінен кетсе де, өзге өңірде інісі Нұрлыбек Нәлібаев дәл осындай қызметке келді.

Реклама
Реклама

7 сәуірде Нәлібаев Қызылорда облысына жаңа әкім болып тағайындалды.


Нұрлыбек Нәлібаев

Ол 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Жамбылдың экс-әкімі Бердібек Сапарбаев та Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, Нұрлыбек Нәлібаевтың әкесі - Нәлібаев Машбек Сапарбайұлы, анасы - Нәлібаева Бибіш Нұрманқызы. Бердібек Сапарбаевтың да әкесі Нәлібаев Мәшбек Сапарбайұлы екені, ал анасы - Нәлібаева Бибіш екені көрсетілген. Демек, Сапарбаевтар бір-біріне туған ағалы-інілі болып келеді.

Экс-әкім Бердібек Сапарбаевтың Ақбота, Бауыржан, Жансұлтан атты балалары бар.

Бердібек Сапарбаевтың кенже ұлы да осы салада, мемлекеттік қызметте жүр. Жансұлтан Бердібекұлы - Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы. 

Жансұлтан Сапарбаев. Сурет: gov.kz

Бірі кетсе де, бірі әлі билікте жүрген бауырлар кім?

Биыл қаңтарда қызметінен босатылған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың інісі де билікте жүр. Мәди Атамқұлов 2021 жылы 2 шілдеде Қазақстанның Сербиядағы елшісі қызметіне тағайындалған болатын. Дереккөздерде екеуінің де әкесінің аты Бәкірұлы екені көрсетілген. Елшінің карьерасына назар аударсақ, 2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметтерден көріне бастағанын байқауға болады.

Бейбіт, Мәди Атамқұловтар 

Мәди Атамқұлов 2003 жылдан бастап Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің бірінші хатшысы ретінде дипломатиялық қызметте жұмыс істей бастаған. 2006 жылдан бастап Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы лауазымын атқарып, СІМ Орталық аппаратының осы бөлімшесінің басшысына дейін қызмет еткен. 2014-2015 жылдары ҚР Парламенті Сенатының аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ал елшіліктегі қызметіне дейін 2015 жылдан бастап ҚР Президенті протоколының басшысы болған.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарының інісі кім?

Билікте жүрген ағалы-інілілер тек бұлар емес. 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып Роман Васильевич Скляр тағайындалған еді. Ол 2000 жылдардан бастап мемлекеттік қызметке келген. Ал 2 аптадан аса уақыт өткенде 38 жастағы Василий Скляр Павлодар облысының Полиция департаментіне басшы болып тағайындалды. Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, ол -  премьер-министрдің бірінші орынбасарының інісі. 

Роман, Василий Скляр

Өңірлік қызметте болған шенеуніктің інісі кім?

2019 жылы өз еркімен қызметтен кеткен Иманғали Тасмағамбетовтың інісі Құрманғали Тасмағамбетов дәл осы жылы мамырда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалған еді. Департаменттің Facebook-парақшасындағы мәліметке сүйенсек, бұл қызметке 1 күн бұрын Руслан Мамытович келген.

Сурет: Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Facebook-парақшасынан

Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Қанат Мусин Президенттің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтынын айтқан болатын. 

"Жақын туыстар ретінде заңға ата-ана, балалар, асырап алушы, асырап алынғандар, бір әке-шешеден тараған және екінші некеден туған балалар, атасы, әжесі, немерелері кіреді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада жекжаттар, яғни ерлі-зайыптының жақын туыстарына шектеулер белгіленген", - деді министр.

Министр заң қабылданса Болгариядағы елші қызметін атқарып жүрген Теміртай Ізбастин қызметінен кететінін жеткізді. Теміртай Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне 2019 жылғы 1 қарашада тағайындалған болатын. Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, ол Президенттің қарындасына үйленген, яғни күйеу баласы.

Сондай-ақ, Президенттің өзі де наурызда Қазақстан халқына Жолдауында Президенттің жақын туыстарына квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетінін айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная